Математика.

Сынып.

124 – сабақ Күні:_________

Сабақтың тақырыбы: 735+265,1000-735түріндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындау дағдыларын түсіндіру.

2. Дамытушылық:Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, есептеу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, математикалық диктант, өздік жұмысы.

Қолданылатын технология:Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технолоиясы.(П.М.Эрдинев)

Пән аралық байланыс:күнделікті өмірмен,дүниетану.

Көрнекілігі: суреттер,бағандап жазу үлгісі.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың өту әдісі: дәстүрлі.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткенді пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

IV.Қорытынды.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Психологиялық дайындық.

Сабаққа біз даярмыз, жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан, кілең бестік аламыз.

ІІ.Өткенді пысықтау.

Үйге берілген 250-беттегі №2 тапсырманы тексеру.

«Математикалық диктант» алу. Есептің берілуін оқимын, балалар осы есеп шығарылатын өрнекті жазып, мәнін табады.

-Даниярда 16 қарындаш бар,ал Дианада одан 6 қарындаш артық. Даниярда неше қарындаш бар?

-Салтанатта 12фломастер, ал Қарлығашта одан 4 фломастер кем. Қарлығашта неше фломастер бар?

-Асқарда 250 теңге болды, ол200 теңгеге кітап сатып алды. Асқарда қанша ақша қалды?

-Бірінші түйе 358кг, ал екіншісі одан 40кг кем тартады. Екінші түйе неше кг тартады?

Оқулықтағы №1 тапсырмадағы «Дүкен» ойыны аузша орындалады.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жаңа мысалдарды шығару кезіндегі талдау алгоритмі №2 тапсырмада берілген. Соны тақтада жазып түсіндіремін. б)бөлігін тақтада түсіндіре отырып орындайды.



№3 өздік жұмысы ретінде беріледі. Кестені пайдаланып, сөздерді оқиды.

Мектеп , сынып сөздері шығады.

№4 Әртүрлі тәсілмен шығарады.

а) Ш: 1) (60+50)-45=65(с.)

2) (60-45)+50=65(с.)

3)(50-45)+60=65(с.)

ә) Ш:1)357+35=392(ІІм.)

2) 392+357=749(м.)

3) 357+(357+35)=749(м.)

Сергіту. сәті

Әдемі әтеш таңертең тұрыпты,

Айнаға қарапты, айдарын тарапты.

Ойқастап жүріпті, қонаққа барыпты.

№5 Шешуі бойынша есеп құрастырады.

Дүкенге 250литр қызанақ шырыны және одан 60литр артық өрік шырыны әкелінді. Сонда дүкенге барлығы қанша шырын әкелінді?

№7 Кесте бойынша теңдеулер құрастырып, шығарады.

№8 Жауабы: таразының 1-ші басына 6кг жарма мен 5кг-дық таразы тасын, 2-ші басына 8кг және 3кг-дық таразы тасын қояды.

Қорытынды.

V.Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.255-бет №6

Математика.

Сынып.

125 – сабақ Күні:_________

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысытау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындау дағдыларын пысықтау.

2. Дамытушылық:Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, математикалық диктант, өздік жұмысы.

Қолданылатын технология:Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технолоиясы.(П.М.Эрдинев)

Пән аралық байланыс:күнделікті өмірмен,дүниетану.

Көрнекілігі: «үй саламыз» суреті,сағат.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың өту әдісі: дәстүрлі.



Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткенді пысықтау.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

IV.Қорытынды.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Психологиялық дайындық.

Сабаққа біз даярмыз, жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан, кілең бестік аламыз.

ІІ.Өткенді пысықтау.

Үйге берілген 255-беттегі №6 тапсырманы тексеру.

«Математикалық диктант» алу. Есептің берілуін оқимын, балалар осы есеп шығарылатын өрнекті жазып, мәнін табады.

-Құлпынайдан 24кг тосап, қараөріктен 8кг тосап қайнатылды. Қараөріктен құлпынайға қарағанда неше кг тосап кем қайнатылды?

-Себетте 25 сары алма, одан 8-і кем қызыл алма бар. Себетте неше кг қызыл алма бар?

-12 қалам, одан 3-еуі кем қарындаш сатып алды.Неше қарындаш сатып алынды?

ІІІ.Оқулықпен жұмыс.

№1 ауызша орындалады.

№2 Уақыттың сәйкес өлшем бірлігін таңдап айтады.

№3өздік жұмысы ретінде беріледі.

700+(60+80) 500+(320-90) т.с.с.

№4 а)Тапсырылды-27(с.) және 14(с.)

Қалды-? 48(с.)

ә)Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырып, шығарады.

Сергіту сәті.

Үй құстары (балпаңдап жүреді)

Дала құстары (ұшады)

Жыртқыш құс (жоғары самғау)

№5а) Есептің берілуі бойынша өрнек құрастырады.

а –в

ә) Есепті сандық деректермен толықтырып, шығарады.

№6 «Үй саламыз». Өрнектерді дәптерге баған түрінде жазады.

Үйдің шатырындағы сандардан ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сан құрастырады. Олардың айырмасын табады. Айырманың мәнінен ең үлкен, ең кіші үш таңбалы сан құрастырады. Олардың айырмасын табады.

750-507=243 432-234=198 891-189=702

№8 а)15мин; ә)45мин; б)15мин; в)45мин; г)1сағ. 15мин; д)15мин.

Қорытынды.

705+200=? 1000-400=? 500-30= ? 250+60=? 320+120= ? 650-350=? V.Бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.257-бет №7


7504490033116346.html
7504534142033215.html
    PR.RU™